Маңғыстау облысында ЖКО-дан екі адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында ЖКО-дан екі адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлады «Ғарыш техникасы және технологиясы институты» ЖШЕС баспасөз қызметінен.
«19 наурызда сағат 18.03-те «ЭВАК» мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тетігіне автоматты тәртіпте Toyota RAV4 көлігінен шұғыл шақырту келіп түскен. Ақтау–Шетпе (Маңғыстау облысы) тас жолында Жетібай ауылының жанында екі жеңіл көлік соқтығысқан. 18.07-де ЭВАК жүйесінің операторы ЖКО туралы ақпаратты зардап шегушілерге көмек көрсету үшін ТЖД-ге хабарлаған. ЖКО салдарынан екі адам жан тапсырып, түрлі жарақат алған тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жол полиция қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтауда.

adimage