Маңғыстауда 154 адам үй карантинінде жатыр

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Маңғыстауда 154 адам үй карантинінде жатыр, деп хабарлады «Лада».
«27 наурыздағы жағдай бойынша өңірде 154 адам үй карантинінде жатыр. Тағы 17 адам – стационарда карантинде, олардың 11-і Ақтауда және алтауы Жаңаөзенде. Бүгінгі таңда обсерваторда 131 адам бақылауда, оның 118-і Ақтауда, төртеуі Жаңаөзенде және тоғызы Бейнеуде. Обсерваторға 1Б санаты бойынша шекарадан келгендер жатқызылады», - деп хабарлады Маңғыстаудағы тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 534,5 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 24,1 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 125 жағдайы тіркелді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.

adimage