Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – 2021 жылдың маусымында шағын кәсіпкерлікті кредиттеу 3,6%-ға қысқарды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінен.
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы маусымда 2 724,7 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 17,3%) азайды», делінген жұмада таратылған хабарда.
Ақпарға сәйкес, корпоративтік сектордың салалары бойынша бөлуде банктердің экономикаға берілген кредиттерінің ең көп сомасы өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлеміндегі үлесі – 30,1%), сауда (21,4%), құрылыс (7,1%) пен көлік (6,0%) сияқты салаларға тиесілі.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24