Миллиондаған қазақстандық енді көшірмелер мен анықтамалар үшін банк бөлімшелеріне келмесе болады

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ – Миллиондаған қазақстандық енді көшірмелер мен анықтамалар үшін банк бөлімшелеріне келмесе болады.
Ай сайын біздің арамыздан жүздеген адам шоттар мен депозиттер туралы көшірме алу, жұмыс берушіге беру және жалақыны аударту үшін шоты туралы анықтама алу мақсатымен банк бөлімшесіне келеді. Осындай анықтамалар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-на зейнетақы аудару үшін де тапсыру керек. Егер бұрын анықтамалар мен көшірмелер алу үшін банк бөлімшелеріне бару керек болса, енді банктердің бірінде оны жасаудың қажеті жоқ.
Толығырақ тоқталайық. Halyk Bank-те ондай операцияларды қашықтықтан, яғни онлайн режимінде алуға болады. Halyk Bank пен Qazkom төлем карталарының миллиондаған қожайындары бірнеше минут ішінде Homebank.kz. қосымшасы арқылы керек қағазын ала алады.
Және ол өте қарапайым жұмыс жасайды, Homebank.kz қосымшасын орнатып, тіркелгеннен кейін Halyk Bank-тың әр клиенті шоты туралы белгілі бір кезеңге арналған банк көшірмесі мен анықтамасының PDF нұсқасын алып, жұмыс берушісінің поштасына немесе whatsapp қосымшасына жібере алады, ал егер қағаз нұсқасы керек болса, оны да шығарып ала алады.
Пайдасы белгілі – қымбат уақытыңыз үнемделеді.
Halyk Bank клиенттері үшін комиссиясыз басқа да көптеген сервистер қолжетімді: айыппұлдар мен салықты төлеу, коммуналдық қызмет, ұялы және ғаламтор байланысы және басқа да сервистер бар. .
Айтпақшы, 1 қазаннан бастап Halyk Bank барлық клиенттері барлық дебеттік және кредиттік карталар бойынша төлемдер үшін 1% бонус алады. Жиналған бонустарды Homebank.kz-де коммуналдық қызмет пен ұялы байланыс қызметін төлеуге қолдануға болады, сонымен қатар ел бойынша Halyk Bank әріптестері желісінде есептесуге қолдануға болады, олардың саны қазір 6000 астам.

adimage