Мырзалин ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – Мәлік Мырзалин ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақордадан.
«Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген президент жарлығында.
Мырзалин 2017 жылдың 14 наурызынан бері Ақмола облысының әкімі болған еді. Оған дейін ҚР президенті істері басқарушысының бірінші орынбасары, дін істерінен ҚР агенттігі жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.

adimage