Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т386,8, сату - Т388,5 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т387,1, сату – Т388,8.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т386,5, ал сату - Т387,5.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т386,16 құрады.

adimage