Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т383,3, сату - Т384,9 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т383,7, сату – Т385,5.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т384,5, ал сату - Т385,6.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т383,53 құрайды.

adimage