Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап түсті

Алматы. 23 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап түсті, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т383,1, сату - Т384,4 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т384, сату – Т385,6.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т384, ал сату - Т385,5.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т384,52 құрады.

adimage