Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап түсті

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап түсті, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т378,7, сату - Т380,3 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т378,6, сату – Т380,1.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т378,5, ал сату - Т379,8.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т378,94 құрайды.

adimage