Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент бойынша бейсенбі-сенбіге ауа райы болжамы ұсынылды

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент бойынша бейсенбі-сенбіге ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауа райы болжамы. 13 маусымда: құбылмалы бұлтты, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан 7-12 м/с жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +27+29. 14 маусымда: күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +15+17. 15 маусымда: бұлтты, жаңбыр, кейде күн күркірейді. Солтүстік-шығыcтан 9-14 жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +12+14», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Алматыда 13 маусымда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +23+25. 14 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температрасы түнде +12+14, күндіз +27+29. 15 маусымда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +27+29.
«Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы. 13 маусымда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +28+30. 14 маусымда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз+32+34. 15 маусымда: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +18+20, күндіз +32+34», - деді синоптиктер.

adimage