Нұр-Сұлтан халықаралық әужайына жаңа басшы тағайындалды

Астана. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан халықаралық әужайына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай басқармасының төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Тәжімұратов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін – 2019 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, әуежай басқармасын бұрын 2017 жылдың желтоқсанынан бастап Адимолда Радильбек басқарған еді.

adimage