Нұр-Сұлтан мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазгидромет» РМК еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады", - делінген сәрсенбідегі хабарда.  
Нұр-Сұлтан қ: 23 қыркүйекте таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 қыркүйекте Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күтілед.
Күндіз 23 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
23 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел күтіледі.
23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде түман күтіледі. Түнде 23 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.
23 қыркүйекте Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
23 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
23 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Күндіз 23, түнде 24 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі, 28 м/с жел тұрады.
23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады.

adimage