Нұр-Сұлтанда алдағы екі тәулікте үсік күтіледі, облыста қар жаууы мүмкін

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы екі тәулікте Нұр-Сұлтанда үсік күтіледі, Ақмола облысында қар жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласында түнде 21-22 мамырда топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. 22 мамырда түнде және таңертең тұман болады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп бағалауда.
«Түнде 21-22 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), 1-6 градус үсік күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. 21 мамырда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады», - делінген хабарда.

adimage