Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте дүйсенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз болады

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте дүйсенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Күндіз ауа температурасы +31+33, түнде +18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+34, түнде +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +31+33, түнде +18+20.

adimage