Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте дүйсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте дүйсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады  «Казгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Күндіз -1-3, түнде -3-5.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман, 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз +8+10, түнде 0.
Шымкентте көшпелі бұлтты, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Күндіз +13+15, түнде +5+7.

adimage