Нұр-Сұлтанда Астана форматындағы Сирия жөніндегі келесі халықаралық кездесу қашан өтеді

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ- Нұр-Сұлтанда Астана форматындағы Сирия жөніндегі келесі халықаралық кездесу қашан өтеді, бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен хабарлады.
«Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы Астана форматының кепілгер-елдері ретінде: (…) Нұр-Сұлтанда Астана форматындағы Сирия жөніндегі келесі халықаралық кездесуді 2019 жылдың қазанында өткізуді шешті», - делінген жұмадағы Астана форматындағы Сирия жөніндегі халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Иранның, Ресей мен Түркияның ортақ мәлімдемесінде.
Тараптар өздерінің Сирия Араб Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақтық біртұтастығын, сондай-ақ, БҰҰ жарғысының мақсаты мен қағидасын қолдайтындықтарын білдірді.
Сонымен қатар, тараптар Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылап, бұл аудандағы ұзақмерзімді тұрақтылық пен қауісіздікке тек елдің егемендегі мен аумақтық тұрақтылығын құрметтегенде ғана қол жеткізілетінін атап өтті.
Бұдан басқа тараптар үшжақты форматта кеңесулер өткізді.
Еске салсақ, Астаналық процесс аясындағы Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөздердің кезекті XIII раунды Нұр-Сұлтанда 1-2 тамыз аралығында өткен болатын. Келіссөздерге кепілгер-елдер – Ресей, Түркия мен Иран, сондай-ақ жанжалдың тікелей қатысушылары Сирия Араб республикасы үкіметінің делегациясы, қарулы оппозиция өкілдері қатысты.

adimage