Нұр-Сұлтанда «Астана» тж-станциясының атауы ресми түрде өзгертілді

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда «Астана» темір жол станциясының атауы ресми түрде өзгертілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Астана» темір жол станциясының атауы «Нұр-Сұлтан» темір жол станциясы болып өзгертілсін», - делінген үкімет қаулысында.
Еске салсақ, 2 сәуірде ҚазТАГ ХАА үкіметтің «Астана» тж-станциясын «Нұр-Сұлтан темір жол станциясы» деп өзгертуді жоспарлап жатқанын хабарлаған еді. Министрлер кабинетінің тиісті қаулы жобасы 16 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, алайда 9 сәуірде, яғни құжатты қоғамдық талқылау аяқталғанға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Жолаушылар тасымалы» АҚ еншілес бөлімшесі «Нұр-Сұлтан қаласында екі темір жол станциясының атауының өзгеруіне орай 2019 жылдың 9 сәуірінен бастап жол құжатын (билет) рәсімдеу барысында «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» және «Нұр-Сұлтан-1» станциясын таңдау керек деген» хабарлама таратты.
19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы лауазымындағы өкілеттігін тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті уақытша сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болады, ол алғашқылардың бірі болып елорданың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту идеясын ұсынған болатын, бұл қоғам тарапынан түрлі әсер туғызды.

adimage