Нұр-Сұлтанда банктің экс-қызметкері клиенттердің шотынан ақша жымқырған деп күдіктелуде

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда банктің экс-қызметкері клиенттердің шотынан ақша жымқырған деп күдіктелуде, деп хабарлады елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Тергеу барысында полицейлер қызметтік жағдайын пайдаланған банк қызметкерінің бірнеше ай бойы түрлі банктік операциялар жасау барысында клиенттерге тиесілі ақшаларды шешіп, өзі иемденіп алғанын анықтады. Банкте бірнеше жыл жұмыс жасап  келген менеджердің әрекетінен жеті адам зардап шеккен. Белгілі болғандай, олардың барлығы Т297 мың сомасы қолды болған», - делінген жұмадағы хабарда.
Әйел жұмыстан қуылды.
ҚР ҚК 188 бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

adimage