Нұр-Сұлтанда барлық бағыт бойынша жол жабық

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда барлық бағыт бойынша жол жабық, деп хабарлады елордалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Көру деңгейінің шектеулі болуынан Қорғалжын, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды және Рождественское бағыттары бойынша барлық жол жабық», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, елордалық полиция күшейтілген тәртіпте жұмыстарын жалғастыруда. 
«Жеке құрам халыққа көмек көрсетуге ықпал ету үшін жұмысқа тартылды», - деді ПД-нен.

adimage