Нұр-Сұлтанда баспа БАҚ-та мемлекеттік орган жұмыстары туралы материал жариялауға Т6 млн астам жұмсалмақ

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Максим Елизаров. Нұр-Сұлтанда баспа БАҚ-та мемлекеттік орган жұмыстары туралы материал жариялауға Т6 млн астам жұмсалмақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі; атауы – Ақпараттық материалдарды дайындау және басып шығару бойынша/бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – Елордадағы мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық қызметін республикалық баспа БАҚ-та мемлекеттік тілде ақпараттық жариялау; жоспарлы сомасы – Т6 250 000», - делінген бейсенбіде жарияланған мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында.
Өтінімдерді қабылдаудың алдын-ала мерзімі – 20 тамыз сағат 18.30 - 4 қыркүйек сағат 18.30.
Лоттың техникалық ерекшелігінде көрсетілгендей қаражат мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын ашатын, сарапшылардың пікірін беретін, оның ішінде қалалық ісшараларды, қалалық атқарушы, өкілетті билік органдарының әлеуметтік-экономикалық қызметін көрсететін республикалық баспа БАҚ-да тақырыптық материалдарды орналастыру, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысын жария етуге жұмсалады. Бір материалдың көлемі – 100 ш. см (шамамен А4 бетінің 16%-ы) кем емес. Орналастырылған материалдың жалпы көлемі – 8500 ш. см (А4 бетінің шамамен 13,5-і). Қызмет көрсету мерзімі – жыл бойы.

adimage