Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының әкімі Есілов ұсталып, УҰИ-на тоғытылды – дерек көзі

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов ұсталып, УҰИ-на тоғытылды, деп хабарлады тергеуге жақын дерек көзі.
«Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов ұсталды. Қазір ол УҰИ-да», - деп хабарлады дерек көзі агенттік тілшісіне.
Еске салсақ, Асқар Есілов 2019 жылдың сәуірінде Нұр-Сұлтандағы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болған (2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың сәуіріне дейін).

adimage