Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымдағы 0-4 класс оқушылары үшін сабақ болмайды

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымдағы 0-4 класс оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«19 қарашада ауа райының нашарлауы салдарынан (күшті жел күтіледі және көру мүмкіндігі төмендейді) қала мектептеріндегі бірінші ауысымда оқитын 0-4 оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп хабарлады сейсенбі күні Нұр-Сұлтандағы білім басқармасынан.
Еске салсақ, жақында Астана мен ҚР алты облысында дауылды ескерту жарияланған еді. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда 19 қарашада қар жауады, бұрқасын соғады, солтүстік батыстан соққан жел солтүстік шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

adimage