Нұр-Сұлтанда бизнесменнен Gelandewagen, Т27 млн және Бурабайдағы жерін бопсалаған

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда бизнесменнен Mercedes Gelandewagen, Т27 млн және Бурабайдағы жерін бопсалаған, деп хабарлады Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының «М» есімді бизнесменінен Т27 млн, Ақмола облысы Бурабай ауылындағы жалпы алаңы 10 сотық болатын жер телімін және Mercedes Gelandewagen маркалы көлігін бопсалаған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
ҰҚК ақпарынша, «қылмысты жасау барысында қылмыстық топ мүшелері суық қару қолдана отырып, «М» мен оның отбасының өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндірген.

adimage