Нұр-Сұлтанда халық саны 1 млн 100 мың адамға өсті

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. Елорда халқының саны 1 млн 100 мың адамға дейін өсті, деп мәлім етті Астана әкімі Алтай Көлгінов елорданың дамуына арналған жиында.
«Нұр-Сұлтанда халықтың тұрақты өсуі байқалуда. Елорданы көшіргелі бері қала халқы 280 мыңнан 1 млн 100 мыңға дейін өсті», - деп мәлім етті Көлгінов сейсенбі күні елорданың даму мәселелері жөніндегі жиында.
Оның ақпарынша, 35 жасқа дейінгі жастардың басым бөлігі 63% құрайды.

adimage