Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастар үшін қарқынды терапия орталығы ашылды

Күні: 18:56, 08-04-2020.

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастар үшін қарқынды терапия орталығы ашылды, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтандағы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Кісікова.
«Жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған ауыр жағдайдағы науқастарға жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін республикалық қарқынды терапия және экстрокорпоральды мембранды оксигенация орталығы ашылды. Орталықты біздің ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы құрды», - деді Кісікова сәрсенбідегі брифингте.
Сондай-ақ, ол еске салғандай, елордада пневмония мен ЖРВИ күдігі бар науқастар үшін темір жол ауруханасында терапия блогынан 150 орындық пульмонологиялық госпиталь ашылған, вирусты инфекциясы бар науқастарға №2 обсервациялық ауруханасында тәулік бойы қызмет көрсетіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: