Нұр-Сұлтанда парламент палатасының 10 күн ішіндегі екінші отырысы өтеді

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда парламент палатасының 10 күн ішіндегі екінші отырысы өтеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - делінген дүйсенбіде мәжілісте таратылған құжатта.
Еске салсақ, 20 маусымда Нұр-Сұлтанда заңнама органының бірлескен отырысы өткен болатын. Ол кезде Конституциялық кеңестің жолдауы тыңдалды.

adimage