Нұр-Сұлтанда үш жылда жолдардың құрылысы мен жөнделуіне Т33,5 млрд жұмсау көзделуде

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда үш жылда жолдардың құрылысы мен жөнделуіне Т33,5 млрд жұмсау көзделуде, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасының жобасына сәйкес 2020 жылы Нұр-Сұлтан әкімдігі Т25 797 968 мың, 2021 жылы – Т3 314 300 мың, ал 2022 жылы – Т4 390 200 мың бөлуді жоспарлауда.
Жобаны әзірлеушілер аталмыш соманы бөлудің арқасында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі 2020 жылы - 77%, 2021 жылы – 77,5%, ал 2022 жылы – 80% болады деп жоспарлауда.
.

adimage