Нұр-Сұлтанда, Шымкент пен Алматыдағы айырбас қосынында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні дүйсенбіге қарағанда АҚШ доллары түрлі бағытта өзгерді: Нұр-Сұлтандағы айырбас қосынында бағам арзандады, Шымкент пен Алматыда қымбаттады, деп хабарлады Kurs.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т388,7, сату - Т389,6 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т388,6, сату – Т390,2.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т389, ал сату - Т389,7.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т388,7 құрады.

adimage