Нұр-Сұлтанда соты болып жатқан Сириядан қайтарылған 14 күдікті туралы ақпарат ұсынылды

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтанда соты болып жатқан Сириядан қайтарылған Қазақстанда тыйым салынған ИМИЛ лаңкестік ұйымының содыры болуы мүмкін 14 күдікті туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне жасаған сілтемесінде.
Камалов Нурлан Аманович – 1978 жылы 29 қарашада туған, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тумасы, ҚР ҚК 257 бабы 1 және 2 бөлімдеріндегі (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу)қылмысты жасаған деп айыпталуда.
Ажмамбетов Жандос Болатович – 1990 жылы 5 маусымда туған, Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының тумасы. ҚР ҚК 257 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда.
Алтаев Данияр Қанатұлы – 1992 жылы 19 қыркүйекте туған, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тумасы, ҚР ҚК 233-1 бабы 2 бөлімі (терроризмді насихаттау, 1997 жылғы редакция), 257 бабы 2 бөлімі бойынша айыпталуда.
Бакитжанов Газинур Кульмашевич – 1969 жылы 4 наурызда туған, Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тумасы, ҚР ҚК 164 бабы 2 бөлімі (соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу), 233-1 бабы 2 бөлімі (1997 жылғы редакция), 174 бабы 2 бөлімі (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру),256 бабы 2 бөлімі (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру), 257 бабы 2 бөлімі және 313 бабы (қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату)бойынша айып тағылды.
Жансенгиров Аманжол Алпамышевич – 1986 жылы 29 қыркүйекте туған, Қостанай облысы Наурызым ауданының тумасы, ҚР ҚК 233-2 бабы 2 бөлімі (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, 233-1 бабы 2 бөлімі (1997 жылғы редакция), 174 бап 2 бөлім, 256 бап 2 бөлім, 257 бап 2 бөлім және 313 бап бойынша айыпталуда.
Айыпкалиев Ермухан Темирланович – 1985 жылы 1 қарашада туған. Атырау облысы Құрманғазы ауданының тумасы. ҚР ҚК 257 бабы 2 бөлімі және 260 бабы бойынша (террористік және экстремистік дайындықтан өту) бойынша айыпталуда.
Әбілхайыров Тұрлан Жалғасұлы – 1994 жылы 6 сәуірде туған. Атырау қаласының тумасы. ҚР ҚК 174 бабы 2 бөлімі, 256 бабы 2 бөлімі, 257 бабы 2 бөлімі және 260 бабы бойынша айыпталуда.
Куанов Руслан Ерболұлы – 1991 жылы 18 тамызда туған, Ақтөбе облысы Темір ауданының тумасы. ҚР ҚК 174 бабы 2 бөлімі, 256 бабы 2 бөлімі, 257 бабы 2 бөлімі, 259 бабы 1 бөлімі (террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру) және 260 бап бойынша айыпталуда.
Сәбитұлы Дәурен – 1988 жылы 21 шілдеде туған, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тумасы. ҚР ҚК 174 бабы 1 бөлімі, 256 бабы 2 бөлімі, 257 бабы 2 бөлімі, 259 бабы 1 бөлімі бойынша айыпталуда.
Туреханов Данабек Маратович – 1987 жылы 11 қаңтарда туған, Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тумасы. ҚР ҚК 233-1 бабы 2 бөлімі, 233-2 бабы 2 бөлімі (1997 жылғы редакция), 257 бабы 2 бөлімі, 259 бабы 1 бөлімі бойынша айыпталуда.
Амангелді Абзал Маратұлы – 1997 жылы 17 қарашада туған, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тумасы. ҚР ҚК 257 бабы 2 бөлімі, 260 бабы бойынша айыпталуда.
Нарбутин Алмаз Балгабаевич – 1986 жылы 1 сәуірде туған, Павлодар облысы Қашыр ауданының тумасы, ҚР ҚК 257 бабы 2 бөлімі бойынша айыпталуда.
Садвакасов Думан Серикович – 1990 жылы 7 наурызда туған, Ақмола облысы Еңбекші ауданының тумасы, ҚР ҚК 174 бабы 1 бөлімі, 256 бабы 2 бөлімі, 257 бабы 2 бөлімі және 260 бабы бойынша айыпталуда.
Ибраев Бахтияр Мамбетович – 1984 жылы 8 желтоқсанда туған, Ақмола облысының тумасы, ҚР ҚК 233-2 бабы 2 бөлімі, 233-1 бабы 2 бөлімі (1997 жылғы редакция), 257 бабы 2 бөлімі бойынша айыпталуда.
Сонымен қатар, Дәурен Сәбитұлының үш баласы бар, бұрын сотты болмаған. Амангельды Абзалдың бес баласы бар, 5 мамырдан бастап қамауда. Алмаз Нарбутиннің екі әйелінен екі баласы бар, әйелінің бірі Сирияда қаза тапқан. Мамыр айынан бері қамауда. Сотталушының бірінде бес баласы бар, ал туу туралы куәлік олардың тек біреуінде ғана бар болып шықты.
Еске салсақ, 22 қазанда ҚазТАГ ХАА Нұр-Сұлтанда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ИМИЛ-ге қатысқан деп айып тағылған 14 азаматтың үстінен сот процесі басталғанын хабарлаған еді.

adimage