Нұр-Сұлтанда стадионды апатты деп тану үшін 5 миллион теңге пара алу дерегі тергеліп жатыр

   Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда стадионды апатты деп тану үшін 5 миллион теңге пара алу дерегі тергеліп жатыр, деп хабарлады Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі.
  «Антикоррупциялық қызметі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды нысанды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», - деп хабарлайды агенттік сейсенбі күні.
  Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот қабылдайтыны көрсетілген.
  Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

adimage