Нұр-Сұлтанда темекі тұқылын лақтырған шенеуніктің ісі қаралуда

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР агенттігі (МҚІА) халықпен кездесу кезінде темекі тартып тұрған Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің маманы Ермек Нәбиевтің ісін тексеруде, деп хабарлады МҚІА басшысы Анар Жаилғанова.
«Темекі тұқылын лақтыруға келсек, мен ол жағдайдан хабардармын. Бізде мемлекеттік қызмет саласындағы арнайы департамент бар. Сол департамент бұл мәселемен айналысып жатыр. Бүгін ғана ақпарат келіп түсті, біз де бұл мәселемен айналысатын боламыз», - деді Жаилғанова жұмадағы брифингте.
Еске салсақ, 17 қыркүйекте Нәбиевтің қала тұрғындарымен кездесу барысында темекі тартып тұрғаны, сосын оның тұқылын балалар алаңына лақтырып тастағаны туралы видео тараған еді. Мемқызметкердің бұл қылығы мен адамдармен сөйлесу әдебеі Қаскелең тұрғындарының ашуын келтірген. Нәтижесінде белгілі болғаны оған айыппұл салынып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр екен.

adimage