Нұр-Сұлтанда теракт дайындады деген күдікпен ИМИЛ ұстанушысы ұсталды

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда теракт дайындады деген күдікпен ИМИЛ («ДАИШ», Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) ұстанушысы ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады. Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Тергеу жалғасуда», - деді ҰҚК.

adimage