Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінің алдында саяси тұтқындарды қолдауға арналған шара өтті

Күні: 16:48, 23-08-2019.

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінде саяси тұтқындарды қолдауға арналған шара өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Саяси тұтқындар үшін еркіндік!»,- делінген белсенділер жұма күні АҚШ дипломатиялық миссиясының ғимаратының алдында жайған транспорантта.
Шараға қатысушылар Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында ресми түрде саяси тұтқын ретінде танылған адамдардың суреттерімен келді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері болды.
«Сіздің митинг өткізуге рұқсаттарыңыз бар ма?», - деп сұрады, құқық қорғаушылардың бірі, оған жауап берушілер: «Бұл митинг емес», - дедеді.
Нәтижесінде полиция шараға қатысушыларды ұстамады.
Шара шамамен 20 минутқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда Еуропалық парламент Қазақстан билігін елдегі саяси репрессияның барлық түрлерін тоқтатуға шақыратын қарар қабылдағаны белгілі болды. Еуропалық парламент сонымен бірге «қазіргі уақытта қамауда отырған барлық белсенділер мен саяси тұтқындарды тез арада босатуға» шақырды. Еуропалық Одақ ресми түрде саяси тұтқындар деп санайтындардың қатарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев, кәсіпкер Искандер Ерімбетов, саяси қайраткер Макс Боқаев, ақын Арон Атабек және басқалар бар.
Содан кейін - 14 наурызда АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы баяндамасы жарияланды, онда бірнеше ондаған парақтар болады. Онда сонымен қатар, қазақстандық түрмелерде саяси тұтқындардың болуы туралы мәселе көтеріледі.


Жаңалықтармен бөлісу: