Нұр-Сұлтандағы ірі көшелердің бірінде қозғалыс схемасы өзгерді

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтандағы ірі көшелердің бірінде қозғалыс схемасы өзгерді, деп хабарлады елордалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«№2 жол өткелі бойында (Бөгенбай батыр даңғылы бойынша көлік көпірі) көлік қозғалыстарының жабылуына байланысты Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында – Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы - Айманов көшесінде солға қарай бұрылуға және бұрылып орағытуға (көпірден түсу кезінде) тиым салынады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Көлік кідірістерін болдырмау мақсатында жүргізушілерге Бөгенбай батыр даңғылы арқылы Айманов көшесіне оңға қарай бұрылатын, Дөкенұлы көшесіне оңға қарай бұрылатын және Уәлиханов көшесі бойымен тікелей жүретін балама бағытты қолдану ұсынылып отыр.
«Жол қозғалысына қатысушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін аталмыш бағыт бойынша бағдаршамдардың жұмыс режиміне тиісті өзгерістер енгізілген», - деді полицейлер.

adimage