Нұр-Сұлтандағы ЖЭО-2 жабдығын ағымдағы жөндеу Т1 млрд деп бағаланып отыр

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтандағы ЖЭО-2 жабдығын ағымдағы жөндеу Т1 млрд деп бағаланып отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Астана-Энергия" акционерлік қоғамы; атауы – қазан жабдықтарын жөндеу /энергетикалық қазандықтарды жаңарту/ жұмыстары; қосымша сипаттамасы – ЖЭО-2 жабдығын ағымдағы жөндеу; жоспарлы сомасы – Т1 001 022 848», - делінген 23 қазанда мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан лот сипаттамасында.
Конкурсқа қатысу үшін алдын-ала өтінім қабылдау 30 қазанда сағат 15.00-де басталып, 16 қарашада сағат 15.00-де аяқталады.

adimage