Нұр-Сұлтанда жатақханадан шыққан өрттен әйел адам зардап шекті

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда жатақханадан шыққан өрттен әйел адам зардап шекті, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«23 маусымда сағат 19.21-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «101» тетігіне Сарыарқа ауданы Медеу көшесіндегі екі қабатты жеке жатақханадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.   Алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенде жатақхана шатырын шарпыған өрт жапсарлас салынған жеке үйдің шатырына көшкен екен. Өрт 20.12-де ауыздықталып, 20.45-те толық сөндірілген», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі дүйсенбі күні Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, өрт алаңы 100 ш.м. құраған.
«1977 жылы туылған әйел ауруханаға жеткізілді. Өрт себептері анықталуда. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамдағы 23 адамы мен алты бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді Нұрахметов.

adimage