«Нұр жолы» кеден бекетінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды

Талдықорған. 11 тамыз. ҚазТАГ – Алматы облысында «Нұр жолы» кеден бекетінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады ҚР бас көлік прокуратурасының (БКП) баспасөз қызметінен.
«Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БКП бастамасымен 10 тамызда мемқызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жұмыстарының аясында «Нұр жолы» кеден бекетінің мемлекеттік кіріс органының, сондай-ақ ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметкерлері ұсталды. (…) Олар мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз өткізу үшін жүйелі түрде пара алып келген деп күдіктелуде», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомство ақпарынша, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
«Істің тергелу барысы бас көлік прокуратурасының бақылауында. Басқа мәлімет тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - делінген хабарда.

adimage