Назарбаев Ақышевті көмекшісі етіп тағайындады

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Ақышевті көмекшісі етіп тағайындады, деп хабарлады Елбасы баспасөз қызметінен.
«Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын», - делінген сейсенбідегі Назарбаевтың шешімінде.
Ақышев ақпанда Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді, ал оған дейін 2015 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Ұлттық банкті басқарды. Оған дейін 2014 жылдың тамызынан 2015 жылдың қарашасына дейін президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, президент көмекшісінің уақытша міндетін атқарушы болды.

adimage