Ақтөбе. 15 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Н. Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді, сапары кезінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады, бірқатар индустриалдық жобаларды, денсаулық сақтау және спорт нысандарын аралайды», - деп хабарлады дүйсенбіде Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтсақ, «Ақтөбе» индустриалды аймағындағы көлік-логистикалық орталығына барғанда мемлекет басшысына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер таныстырылады.
Сондай-ақ, президент «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығына, «Аяла» оңалту орталығына, теннис корты мен басқа да нысандарға барады.
Еске салсақ, 16-17 қазанда Н.Назарбаев Финляндияға ресми сапарымен барады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Брюссельде Белгия корольдігінде 18-19 қазанда өтетін «Азия-Еуропа» форумының XII саммиті жұмысына қатысады.
Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді
