Қоқыс орнынан өрттің шығуынан Өскемен тұрғындарына далаға шықпау ұсынылуда

Өскемен. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қоқыс орнынан өрттің шығуынан Өскемен тұрғындарына далаға шықпау ұсынылуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Құтқарушылардан кеше кешкісін көмек сұрап хабарласқан, оған дейін кәсіпорын қызметкерлері өртті өздері сөндірмек болған. Үйілген қоқыстар арқылы өрт сөндіру техникасының өтуінің қиындық тудыруы қызыл жалынды ауыздықтауды қиындатты. Бүгін сағат 06.00-де өрттің ауыздықталғаны туралы хабарланды, қазір жалындаған өрт сөндірілуде. Өрт алаңы 1 га құрады», - деп хабарлады дүйсенбіде Өскемен ТЖ басқармасының баспасөз қызметінен.
Басқармада нақтылағандай, оқиға орнына жеке құрамдағы 12 адам, кейін тағы «СпецКоммунТранс» ЖШС, «Өскемен-Тәртіп» ЖШС және «Өскемен Водоканал» КМБ 10 адамы, сосын алты бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өскемен тұрғындарының айтуынша, ыстың исі қаланың барлық ауданында екі күн бойы сезіліп тұрған.
Экологиялық қауіпсіздік орталығы баспасөз қызметінің ақпарынша, қоқыс өртенген кезде шығатын хлор-сутегі деңгейінің артуы тіркелген.
«Жағдай қауіпті емес, бірақ себепсіз далаға шығудың керегі жоқ», - деп атап өтті ЭҚО.

adimage