Омбыда суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш қойылды

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ - Омбыда суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш қойылды, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.
«6 қарашада Омбыда Ленин көшесіндегі Қазақтан елшілігі жанында қазақтан шыққан омбылық суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш қойылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жұмысты қола мен граниттен Санкт-Петербургтің жас мүсіншісі Мейрам Баймұханов орындаған, ол өзі де күні кешегіге дейін Омбыда тұрған екен.
«Ескерткіште Амангелді Шәкеновтың ойланып отырған түрі суреттелген. Артында –мольберт. Ескерткішті Қазақстан елшілігінің жанына қою шешілді, себебі суретші өз жұмыстарында қазақ және орыс мәдениетінің арасындағы байланысты көрсете білген. Ескерткіш тұғырында: «Амангелді Шәкеновке – суретші және педагогқа» деген жазу ойып жазылған. Омбыда шебердің көптеген шәкірттері мен ізбасарлары бар, олар ЖОО-ларда, мектептерде оқытушы болып жұмыс жасайды, Суретшілір одағының мүшелері, өңірлік және республикалық көрмелердің дипломанттары болып табылады», - делінген хабарда.
Ескерткіштің ашылуында гүл шоқтары қойылғаннан кейін Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов Омбы әкімшілігіне, Омбы облысының губернаторы Александр Бурковқа, жас мүсінші Мейрам Баймұхановқа, «Мирас» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту және сақтау қорының басшысы Асқар Раисовқа, Ұлттық мәдени орталықтар мен барлық омбылыққа алғысын білдірді.
Ресейдің еңбегі сіңген мәдениет қайраткері және Қазақстан Сурет академиясының академигі Амангелді Шәкенов 2018 жылдың 1 мамырында 74 жасында өмірден озған. Оның суреттері Қазақстан мен Ресейден бастап Германия, Финляндия және АҚШ-қа дейін саяхаттап жүр. Оның көптеген картиналары Алматыдағы Ә.Қастеев ат. музейде, Нұр-Сұлтандағы Қазақстан республикасы Суретшілер академиясының қорында және Президенттің мәдени орталығында және жеке коллекцияларда сақтаулы.

adimage