Қорғас шекарашылары көлікті тексеру кезінде Калашников тапаншасының оқтарын тапты

Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ – Қорғас шекарашылары көлікті тексеру кезінде Калашников тапаншасының оқтарын тапты, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«14 наурызда күндізгі сағат 10:30 шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік «TOYOTA PRADO» автокөлігімен кірмекші болған 1978 жылы туылған ҚР азаматшасы ұсталды. Көлікті «Альфа» қызметтік итімен тексерген кезде көліктің оң жақ есігінің қуысынан 7,62*39 мм калибрлі (Калашников автоматының оқ-дәрілері-ҚазТАГ) 13 дана оқ табылды. Оқтың шығарылған уақыты көрсетілмеген», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда айтылғандай, автокөлік тәркіленіп, кеден қызметінің тұрағына күзетке қойылды.
«Іс материалдары Панфилов аудандық полиция бөліміне сотқа ейінгі тексеру амалдарын жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды», - делінген хабарда.

adimage