Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

   Орал.27 наурыз.ҚазТАГ- Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.
   «Сіздер (Миржан Сатқанов-ҚазТАГ) су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше, және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңдар», - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.
  Отырыс барысында облысқа қарасты қалалар мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы баяндады.

adimage