Оралда үш адамнан тұратын отбасы табиғи газдан уланды

Орал. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Оралда үш адамнан тұратын отбасы табиғи газдан уланды, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«Оқиға 27 қыркүйекте шамамен 8.00-де Жазира көшесіндегі жеке тұрғын үйде орын алған. Оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілді: 54 жасар ер адам, 50 жасар әйел мен 14 жасар қыз», - деді дүйсенбі күні Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, үлкендердің улануы жеңіл деңгейде болса, бала орта деңгейде уланып қалған.
Бұл жағдайдың орын алуына жылыту қазандығының бұзылуы себеп болған.
«Зардап шегушілердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Оларға тұрғылықты жері бойынша амбулортлық ем тағайындалды», - деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

adimage