Орталық сайлау комиссиясы Тоқаевтың құжаттарын президент сайлауына қатысу үшін қабылдады

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттарын қабылдады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Nur Otan Партиясы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құжаттарын ұсынды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
ОСК-ге мынадай құжаттары ұсынылған: «Nur Otan Партиясы» Қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді; Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші; өмірбаяндық деректері; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері; мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.
«Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 23 сәуірге тағайындалды», - деді ОСК-нен.
Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев президент сайлауына Nur Otan партиясынан үміткер ретінде ұсынылды. Сондай-ақ, қазіргі президенті Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына түсіндірме беру туралы өтініш жасаған. Өтініште Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұраған.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.

adimage