Орталық темір жол ауруханасы апат алдындағы жағдайда – Көлгінов

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтандағы орталық теміржол ауруханасы апат алдындағы жағдайда тұр, деп мәлімдеді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
«Қазіргі таңда басты мәселе 1959 жылы салынған ескірген орталық темір жол ауруханасы болып отыр. Корпусы апат алдындағы жағдайда (тұр – ҚазТАГ), құрал-жабдығының 45%-ы тозған», - деп мәлім етті Көлгінов сейсенбіде елорданың ары қарай дамуына арналған жиында.
Ол атап өткендей, түркиялық инвестор 600 кереуеті бар жаңа аурухана салуға дайын екен.

adimage