ОСК Қазақстан президентіне кандидаттардың сайлауалды теледебаттардың уақытын белгіледі

Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ – Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан президентіне кандидаттардың сайлауалды телевизиялық пікірталастарының уақытын белгіледі, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
«ҚР ОСК Қазақстан республикасы президентінің кезектен тыс сайлауында сайлауалды телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстар өткізу туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, 2019 жылғы 29 мамырда «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының телевизиялық арнасы эфирінде пікірталастар мен пікірсайыстар өткізілетін болды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды өткізу регламенті келісілген.
«Пікірластар үш раундқа бөлінген. Раундтың бірінші турының тақырыбы «Қазақстанның экономикалық дамуының басымдығы». Телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстардың бірінші раунды екі турдан тұрады. Бірінші турда әр қатысушы өзінің сайлау алды бағарламасын таныстырады», - деді ОСК-нен.
Екінші турда ОСК ақпарынша, қатысушылар өз қарсыластарына «сұрақ-жауап» түріндегі пікірсайысқа көшеді.
«Қатысушылар өз қарсыластарына екі сұрақтан қоя алады және екі сұраққа жауап беруге болады. Екінші раунд тақырыбы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы». Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөйлейді. Екінші турда жүргізуші барлығына бір сұрақ қояды. Үшінші раунд тақырыбы «Сайлаушыларға сөз» деп аталады. Үшінші, соңғы раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.
Қазақстандағы басты лауазымға жеті адам таласатын болады, соның ішінде Тоқаев та бар.

adimage