Қостанай облысында 2018 жылдың жазында жоғалған әйелдің өліміне күдікті ұсталды

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – Қостанай облысында 2018 жылдың жазында жоғалған әйелдің өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
«Полиция қызметкерлері Қостанай ауданының 47 жасар тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, 2018 жылдың 30 шілдесінде «И» есімді азамат 31 жасар әйелмен Меңдіқара ауданы Алешинка ауылында жалдамалы пәтерде болған. Екеуінің арасында туындаған жанжал салдарынан ер адам «П» есімді азаматшаны итеріп жіберген, ол сол жерде көз жұмған. Сосын күдікті қылмысты жасыру үшін марқұмның мәйітін ауыл маңындағы көлге жасырып қойған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Полицейлер нақтыланғандай, 2018 жылдың 6 тамызында Меңдіқара ауданында полиция бөліміне 19 жасар жергілікті тұрғын 31 жасар тәтесін іздеуге ықпал етулерін өтінген. Қыз баланың айтуынша, әйел 2018 жылдың 30 шілдесінде үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Аталмыш дерек ақпаратты тіркеу кітабында тіркелген, сосын қылмыстық іс ҚР ҚК 33 бабына (адам өлімі) ауыстырылған.
«Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылған», - деді полицейлер.

adimage