Қостанай. 10 тамыз. ҚазТАГ – Қостанай облысында жоғалып кеткен Мәдина Ерланқызы өлі күйінде табылды, деп хабарлады «Алау».
«Бала суға батып кеткен», - деп хабарлады сәрсенбі күні Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қзметінен.
Еске салсақ, бес жасар Мәдина Ерланқызы Жамбыл ауылында 7 тамыз күні сағат 5.00 шамасында жоғалып кеткен. Алдын-ала ақпар бойынша қыз бала терезеден шығып кеткен. Бала тек бір ғана іш киімде болған. Белгілі болғаны Ерланқызы аутизмге шалдыққан және сөйлей алмайды. Қыз баланы іздестіруге жүздеген адам жұмылдырылған. 9 тамызда полиция азаматтардан қыз баланы іздестіруде іс-қимылдарын полициямен келісіп отыруға шақырды. Сол күні баланы іздестіру барысында бала тісінің іздері бар жүгері собығы табылды. Түнде басқа іздестіру шараларымен бірге дельтапланмен іздестіру қолға алынды. 10 тамызда полицейлер баланың ерекшелігін ескере отырып, іздестіру әдісін өзгерткендерін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24