Қостанайда ТҚС-тағы жарылыстан жеті адам зардап шекті

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Қостанайда ТҚС-тағы жарылыстан жеті адам зардап шекті, деп хабарлады Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«17 маусым күні сағат шамамен 12-00-де Қостанайда, Лермонтов көшесі бойындағы екі қабатты техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жадбық жарылды. Жарылыс салдарынан ғимараттың 90 пайызы қирап, өртенді. 7 адам зардап шекті. 6 адам ауруханаға жеткізіліп, 3 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен тағы бір адамға Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол оқиға орнында жедел штаб құрылғанын атап өтті.
«Газбен жабдықтау мен электр энергиясы уақытша ажыратылған. Өрт сағат 12,47-де сөндірілген. Тілсіз жаумен күреске «ӨСжАҚҚ», «СӨАЖҚЖ», Пд, ЖАО, АМО, «ҚазТрансГазАймақ»-тың барлығы 98 маманы мен 30 техникасы жұмылдырылған. Сағат 13.24-те тоғыз газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды», - деді Нұрахметов.
Еске салсақ, бұған дейін күндіз қостанайда ТҚС пен донер пісіретін орын орналасқан ғимаратта жарылыс болғаны хабарланған еді. Жарылыс саладрынан нысан толығымен қираған. Кей мәліметтер бойынша, ТҚС-та газ жабдығы орнатылған.

adimage